Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

«Қазақтың ұлттық киімдері – халық мұрасы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды

Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Тараз инновациялық көпсалалы колледж білімгерлеріне «Қазақтың ұлттық киімдері – халық мұрасы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының ұлттық киімдерінің тарихын, олардың ерекшеліктері мен маңызын таныстыру, сондай-ақ жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.

Экскурсия барысында білімгерлер қазақтың дәстүрлі киім түрлерімен, олардың жасалу тәсілдерімен және әр киімнің өзіндік мән-мағынасымен танысты. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің тұрмыс-тіршіліктегі орны мен бүгінгі күнге дейінгі сабақтастығы кеңінен түсіндірілді.

Бұл танымдық шара жастардың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.