Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығы №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығында жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрме барысында Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, КСРО және ҚР мемлекеттік сыйлықтарының иегері, актер, режиссер Асанәлі Әшімұлының өмірі мен шығармашылығы кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар өнер иесінің асыл анасы Тәжіһан апа мен аяулы жары Майра Айманова туралы да мазмұнды мәліметтер беріліп, фотосуреттері көрсетілді. Көрмеде актердің анасы тұрған ескі үйдің макеті және жарына арнап жазған «Майраның әні» кітабы таныстырылды.

№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қызмет алушылары көрмеге ерекше қызығушылық танытып, өз әсерлерімен бөлісті.