Арнайы мектеп-интернатның оқушыларымен шеберлік сағат ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен «Тифло музей» жобасы аясында №2 «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларының қатысуымен «Ғажайып керамика» атты шеберлік сағаты өтті.
Шеберлік сағаттың мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды өнер арқылы қолдау, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және музей кеңістігін қолжетімді ету.
Оқушыларға Назарбаев зияткерлік мектебінің «Art Lab» үйірмесінің жетекшісі, суретші, қолөнерші И.Губашева керамика өнерінің қыр-сырын таныстырып, сазбалшықпен жұмыс істеу техникасын үйретті.






15 January 2026
141