«Дара тұлға ізімен!» атты тағылымды кездесу өтті
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, №15 мектеп-гимназиясында «Дара тұлға ізімен!» атты тағылымды кездесу өтті.
Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің қауымдастырылған профессоры Шилібек Кенжеғали Қошқарбайұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.
Сонымен қатар, Димаш атамызға арналған К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы «Дәуір тұлғасы» атты әнімен жалғасын тапты.





27 February 2026
15