Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

«Әйел жаны – өнер айнасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясында «Әйел жаны – өнер айнасы» атты суретшілер мен қолөнершілердің топтық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрме халқымыздың ұлттық құндылықтарын дәріптеу, суретшілер мен қолөнершілердің шығармашылық әлеуетін арттыру, жас дарынды шеберлерді қолдау, сондай-ақ өңіріміздің рухани мәдениеті мен көркемөнерінің дамуына үлес қосу.

Көрмеге Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшелері, Тараз қаласындағы Қазақстан Суретшілер одағы қоғамдық бірлестігі, Жамбыл облыстық қолөнершілер одағы, «Қолөнер – Тараз» қоғамдық бірлестігі, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, «Шебер-шаңырақ» қоғамдық бірлестігі, Бейнелеу өнері мектебі және Оқушылар сарайының ұстаздары қатысып, өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.

Жалпы көрмеге 50-ге жуық шебердің 200-ден астам туындысы қойылды. Көрмеде бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер, зергерлік бұйымдар мен ұлттық қолөнер үлгілері ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Көрменің ашылу салтанатында Жамбыл облысы бойынша креативті саланың үйлестіруші өкілі Мадиева Сара Қыбылбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде өнер мен қолөнерді дамытуға үлес қосып жүрген шеберлердің еңбегін жоғары бағалап, қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Сонымен қатар, көрмеге белсене қатысқан суретшілер мен қолөнершілер алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара барысында ҚР Суретшілер одағының мүшелері М. Егезеков, Қ. Аманқосов, С. Азизов құттықтау сөз сөйледі.

Шара соңында қонақтар көрмені тамашалады.

Көрме наурыз айының 15-іне дейін жалғасады.