Қайрат Рысқұлбековтің 60 жылдығына орай танымдық кездесу өтті
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл толуына орай М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің білімгерлерімен танымдық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастарға ел тәуелсіздігі жолында ерлік көрсеткен тарихи тұлғалардың өмір жолын таныстыру және отансүйгіштік рухты насихаттау.
Кездесу барысында музей қызметкері 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызы туралы мәліметтер ұсынып, Қайрат Рысқұлбековтің ерлігі мен қайсарлығы жөнінде баяндады. Сонымен қатар білімгерлерге батырдың өмір жолы, күрескерлік рухы және тәуелсіздік жолындағы жастардың рөлі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Шара барысында қатысушылар тәуелсіздік үшін күрескен қаһармандардың ерлігі әрдайым құрметтеліп, жас ұрпаққа үлгі болатынын атап өтті. Кездесу білімгерлердің тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Танымдық кездесу соңында қатысушылар музей залдарын аралап, экскурсиямен танысты.






12 March 2026
36