Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясына жылжымалы көрме ұйымдастырылды

1 наурыз – Алғыс айту күніне орай А.Әшімов шығармашылық орталығы Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясы базасында «Ел алғысына бөленген тұлға» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрме барысында оқушыларға Асанәлі Әшімұлының өмірі мен шығармашылығын айғақтайтын құнды жәдігерлер таныстырылды. Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері ретінде ел мәдениетіне сіңірген еңбегі кеңінен насихатталды. Сондай-ақ, өнер майталманының ұлт руханиятына қосқан өлшеусіз үлесі үшін ризашылық пен алғыс білдірілді.

Іс-шара соңында орталық атынан мектеп директоры Салтанат Ерсағатқызына Актермін мен, мың өліп, мың тірілген кітабы табысталды.