Әлихан Бөкейханұлының туған күні
Бүгін – қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханұлының туған күні.
Қазақ халқының тәуелсіздігі мен болашағы үшін аянбай еңбек еткен ұлы тұлға Әлихан Бөкейхановтың есімі ұлт тарихында ерекше орын алады. Ол қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалыптастыру жолында қызмет етіп, елдің саяси, әлеуметтік және мәдени дамуына зор үлес қосты.
Әлихан Бөкейханов – халқының бостандығы мен бірлігі жолында күрескен, ұлт мүддесін бәрінен биік қойған тарихи тұлға. Оның өмірі мен қызметі бүгінгі ұрпақ үшін тағылымға толы өнеге.
Ұлт көсемінің жарқын бейнесі мен асыл мұрасы ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

05 March 2026
15