«Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» көшпелі көрмесі
Бүгін Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінде орналасқан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты көшпелі көрменің салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты іс-шараға Жаңақорған ауданының тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қонақтар экспозициямен мұқият танысып, әрбір жәдігердің тарихы мен тағылымдық мәніне ерекше қызығушылық білдірді. Көрме көпшілікке өткен мен бүгінді жалғап, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған тағылымды шара ретінде әсер қалдырды.




25 February 2026
18