Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

«Тарих – ұрпаққа қалған ұлы аманат» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Жамбыл облысы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатында» «Тарих – ұрпаққа қалған ұлы аманат» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде көне Тараз қаласынан табылған археологиялық жәдігерлер, қазақ халқының этнографиялық бұйымдары, ер азаматтар пайдаланған тұрмыстық заттар мен күміс әшекей бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ұлттық тарихи мұраны насихаттау, жас ұрпақтың өткенге деген қызығушылығын арттыру және ата-бабадан қалған құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеу. Ұсынылған жәдігерлер арқылы ежелгі Тараз өңірінің тарихы, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, қолөнері мен зергерлік өнерінің ерекшеліктері таныстырылды.