Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебіне жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Тараз қаласының Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Тарих қойнауынан сыр шертетін Көне Тараз» атты жылжымалы көрме өтті.
Аталған шара оқушыларды туған өлкенің бай тарихи мұрасымен тереңірек таныстыруды көздеді. Көрменің басты ерекшелігі – көне Тараз қаласының сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін құнды археологиялық жәдігерлердің ұсынылуы болды. Оқушылар қыштан жасалған су сағаты, соғды мәдениетіне тән ыдыстар, шырағдандар мен сырлы керамикалық бұйымдарды, сондай-ақ Айша бибі кесенесінің түпнұсқа кірпіштерімен танысты.
Шара барысында музей қызметкерлері әрбір жәдігерге жеке тоқталып, олардың жасалу жолы мен тарихи маңызы жөнінде қызықты мәліметтер ұсынды. Бұл өз кезегінде оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тарихқа деген қызығушылығын күшейте түсті.




15 January 2026
142