«Наурыз – жаңару мерекесі» атты танымдық экскурсия өтті
Бүгін Наурызнаманың онкүндігі аясындағы алтыншы күн – Жаңару күні. Бұл күн – табиғаттың қайта түлеп, тіршіліктің жаңғыратын шағы.
Сонымен қатар, адам өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретін ерекше күн. Бұл – болашаққа жоспар құрып, жаңа мақсаттар қойып, тың бастамаларға қадам жасайтын уақыт.
Осыған орай, А.Әшімов шығармашылық орталығында 19 наурыз – Жаңару күніне арналған «Наурыз – жаңару мерекесі» атты танымдық экскурсия өтті. Іс-шара барысында орталыққа келген қонақтармен оқушыларға Жаңару күнінің мән-маңызы түсіндіріліп, жаңа жылды жаңа жоспарлармен, игі бастамалармен бастау туралы тағылымды ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушыларға орталықтың музей залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.





20 «наурыз» 2026
47