Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Наурызнама – 10 күндік мереке

Көктемнің келуімен бірге халқымыздың ең ұлық мерекесі – Наурыз мейрамы жақындап келеді. Осы мереке қарсаңында елімізде Наурызнама 10 күндігі аталып өтіп, ұлттық дәстүрлеріміз бен мәдени құндылықтарымыз кеңінен насихатталады.

Наурызнама күндері халқымыздың бірлігі мен татулығын арттырып, ізгілік, қайырымдылық, тазалық, ұлттық салт-дәстүр мен өнерді дәріптеуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Әр күн өзіндік мәні мен мағынасына ие болып, қоғамда рухани жаңару мен игі бастамалардың бастауына айналады.

Бұл күндері халық бір-бірімен көрісіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, ұлттық құндылықтарды ұлықтайды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі барша жұртқа молшылық, береке мен ырыс әкелсін!

Баршаңызды Наурызнама 10 күндігімен құттықтаймыз!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!