Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Шаңырақ – отбасы бірлігінің символы» атты тақырыптық экскурсия

17 наурыз – Шаңырақ күніне орай қала тұрғындарына «Шаңырақ – отбасы бірлігінің символы»атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның мақсаты – қазақ халқының отбасы құндылықтарын насихаттау, ұлттық мұраларды таныстыру және жас ұрпақтың бойында салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.

Экскурсия барысында келушілерге қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй туралы кеңінен ақпарат берілді. Киіз үй – көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігіне бейімделген, табиғатпен үйлесімді, ыңғайлы әрі қасиетті мекен.

Киіз үйдің негізгі бөліктері:

  • Шаңырақ – отбасының бірлігі мен ұрпақ жалғастығының символы
  • Уық – шаңырақ пен керегені байланыстыратын тіреу
  • Кереге – киіз үйдің қабырғасы
  • Сықырлауық – үйге кіретін негізгі есік

Сонымен қатар, киіз үйдің ішкі жабдықтары, ұлттық тұрмыстық бұйымдар және олардың тәрбиелік мәні туралы мағлұматтар берілді.

Қазақ халқы үшін киіз үй – тек баспана емес, ол – рухани құндылықтардың, салт-дәстүрдің және отбасы жылуының символы.

Экскурсия соңында қатысушылар ұлттық мұраның маңызын терең түсініп, ата-баба дәстүріне деген құрметтері арта түсті.