Новости
Көркемсурет галереясында көктем мезгілінің маңызды мәдени-шығармашылық оқиғаларының бірі — «Nauryz Art Mix» көркемсурет көрмесі жоғары деңгейде өтті.
Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда ұйымдастырылған «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шараның киіз үйлер қалашығында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жасақталған «Балбал тастар құпиясы» атты жылжымалы көрмені облыс әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы және зиялы қауым өкілдері тамашалады.
Бүгін Наурызнаманың онкүндігі аясындағы алтыншы күн – Жаңару күні. Бұл күн – табиғаттың қайта түлеп, тіршіліктің жаңғыратын шағы.
Наурызнаманың онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Тараз инновациялық көпсалалы колледж білімгерлеріне «Қазақтың ұлттық киімдері – халық мұрасы» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығында Наурызнама онкүндігі аясында, 16 наурыз – Салт-дәстүр күніне орай «Салт-дәстүрім – қазынам» атты музей сабағы өткізілді.
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай қала тұрғындарына «Шаңырақ – отбасы бірлігінің символы»атты танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
31 марта 2026
22