Жамбылский областной историко-краеведческий музей

Музей сабағы

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығында Наурызнама онкүндігі аясында, 16 наурыз – Салт-дәстүр күніне орай «Салт-дәстүрім – қазынам» атты музей сабағы өткізілді.

Сабаққа Ы.Сүлейменов атындағы №37 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Сабақтың мақсаты – оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеп, қадірлей білуге баулу, сондай-ақ мейірімділік пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысында жыл басы – Наурыз мерекесінің мәні, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің түрлері туралы кеңінен мәлімет берілді.