Жамбылский областной историко-краеведческий музей

«Nauryz Art Mix» көркемсурет көрмесі өтті

Көркемсурет галереясында көктем мезгілінің маңызды мәдени-шығармашылық оқиғаларының бірі — «Nauryz Art Mix» көркемсурет көрмесі жоғары деңгейде өтті.

Көрмеге 7–16 жас аралығындағы жас суретшілердің 400-ден астам шығармашылық туындылары қойылып, 100-ден аса қатысушының жұмыстары ұсынылды. Экспозицияда кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер және заманауи бағыттағы жұмыстар кеңінен қамтылды.

Іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамыту, көркемдік білімді насихаттау және балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру болды.

Көрме барысында келушілер жас таланттардың туындыларымен танысып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін, ұлттық мәдениетке құрметін және көктемгі жаңарудан алған шабытын жоғары бағалады.

Аталған көрме жас суретшілерді қолдауға және Тараз қаласының мәдени өмірін жандандыруға өз үлесін қосқан маңызды шаралардың бірі болды.