Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Айналайын ақпейіл жұртым!» атты жылжымалы фотокөрме өтті

1 наурыз – «Алғыс айту» күніне орай аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың елімізге сіңірген зор еңбегі мен халқымызға жасаған игі істерін насихаттау мақсатында Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясында «Айналайын ақпейіл жұртым!» атты жылжымалы фотокөрме ұйымдастырылды.

Көрме барысында оқушыларға мемлекет қайраткерінің өмір жолы, ел басқарудағы көреген саясаты, ұлт дамуына қосқан өлшеусіз үлесі жайлы құнды деректер мен тарихи фотосуреттер таныстырылып, кеңінен насихатталды.

Жылжымалы көрменің басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, тарихи тұлғаларға деген құрмет сезімін арттыру және ұлт мақтаныштарының өнегелі ғұмырын насихаттау.