Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Балалар көрмесі өтті

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында «Жуалы ауданының білім бөлімінің №1 Балалар өнер мектебі» КММ ұйымдастыруымен «Ұлттық өнер – ұрпақ мұрасы» атты балалардың көркемсурет және қолөнер туындыларынан құралған көрме өтті.

Көрмеге жас суретшілердің 150-ден астам шығармашылық жұмыс қойылды. Онда ұлттық нақышта орындалған көркемсурет туындылары мен қолөнер бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Көрменің негізгі мақсаты – ұлттық өнер мен қолөнерді дамыту, жас дарындардың шығармашылығына қолдау көрсету, олардың еңбектерін кеңінен насихаттау, мәдени мұраны жаңғырту және жас қылқалам шеберлерін анықтау.

Салтанатты ашылу рәсімінде ұйымдастырушылар мен қонақтар жас өнерпаздарға сәттілік тіледі. Көрме қатысушылары мен көрермендер балалардың шығармашылық ізденістеріне жоғары баға беріп, ұлттық өнердің құндылығын көрді.