«Ғасыр ғұмырлы – ғажап ақын» атты музей сабағы ұйымдастырылды
28 ақпан - Қазақтың халық ақыны, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тараз инновациялық көпсалалы колледж білімгерлеріне «Ғасыр ғұмырлы-ғажап ақын» атты тақырыпта музей сабағы ұйымдастырылды.
Музей сабағы барысында облыстық тарихи-өлкетану музейінің кітапхан қорында сақталған Жамбыл Жабаевтың кітаптары,майлы бояумен салынған портретімен танысуға мүмкіндік алды.
Сабақтың негізгі бағыты білімгерлерге Ж. Жабаевтың мұрасын, ел мен өлкенің тарихына қызығушылықты дамыту, азаматтық және патриоттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу болып табылады.



27 Ақпан 2026
13