Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай дөңгелек үстел өтті

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт көсемі, Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың 160 жылдығына орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің білімгерлері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Алаш қозғалысының көшбасшысы болған Әлихан Бөкейхановтың қоғамдық-саяси қызметі, ғылыми еңбектері мен қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күресі туралы ой бөлісті.

Әлихан Бөкейханов – дала өркениетін зерттеген дара тұлға. Ол бүкіл саналы ғұмырын халқының мүддесіне қызмет етуге арнады. 1905 жылы Семей облысы қазақтары атынан Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, жоғары экономикалық білім алған тұңғыш қазақ зиялыларының бірі ретінде тарихта қалды.

Іс-шара барысында қайраткердің қазақ халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге қосқан үлесі, ұлттық сананы оятудағы рөлі туралы кеңінен айтылды. Оның идеялары мен еңбектері кейінгі қазақ зиялыларына үлкен ықпал етті.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында ұлттық рух пен тарихи сананы қалыптастыру, Алаш қайраткерлерінің бай мұрасын кеңінен насихаттау.