Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Нәзіктікке көмкерілген мұра» жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі «Нәзіктікке көмкерілген мұра» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Танымдық шара Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицейінің оқушыларына ұсынылды.

Көрменің басты мақсаты – жас ұрпақты ұлттық мәдени мұрамен таныстыру, қазақ әйелдерінің болмысына тән нәзіктік пен әсемдікті дәріптеу, сондай-ақ тарихи құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Көрме барысында келушілер назарына қазақ әйелдерінің ұлттық киім үлгілері мен дәстүрлі зергерлік әшекей бұйымдары – шолпы, шашбау, шекелік, қапсырма, жүзік, білезік секілді сәндік әрі мағыналық мәні зор бұйымдар ұсынылды. Әрбір жәдігердің жасалу ерекшелігі мен тарихи маңызы туралы музей мамандары кеңінен мағлұмат берді.

Аталған көрме оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, қазақ әйеліне тән парасат, сұлулық, нәзіктік пен төзімділік сияқты асыл қасиеттердің мәнін түсінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, жас ұрпақты ұлттық мұраны қастерлеуге және тарихи жадыны сақтауға үндейді.