Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

№25 орта мектебінде жылжымалы көрме өтті

Тараз қаласындағы №25 орта мектепте Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды жәдігерлер негізінде «Жасанды интеллект және тарих сабағы: жаңа дәуірдің білім беру мүмкіндіктері» атты жылжымалы көрме өтті.

Көрмеде көне Тараз қаласының бай тарихынан сыр шертетін археологиялық жәдігерлер – қыштан жасалған су сағаты, соғды мәдениетіне тән ыдыстар, шырағдандар, сырлы керамикалық бұйымдар, сондай-ақ Айша бибі кесенесінің түпнұсқа кірпіштері ұсынылды.

Шара барысында музей қызметкерлері әрбір жәдігердің тарихи маңызы жөнінде кеңінен мәлімет беріп, оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырды.