Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған үгіт-насихаттық кездесу өтті.

Іс-шараға облыстық жалпыұлттық коалиция мүшелері – Ү. Битенова, О. Даутов және А. Келимбетова қатысып, музей қызметкерлеріне Конституция жобасында ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесу барысында жаңа бастамалардың мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету екендігі атап өтілді. Сондай-ақ қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойып, ашық форматта пікір алмасты.