«Отбасы – отанымыздың ошағы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымында «Отбасы – отанымыздың ошағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайтуға және ұлттық тәрбиенің маңызын арттыруға бағытталды.
Мекеме директоры С. Ілияс «Адамның жеке тұлға болып қалыптасып, өмірге кірпіш боп қалануы отбасыдан басталады. Баланың ер жетіп, бойына тек адамгершілік қасиеттер жинап өсуінде отбасы мәні зор. Сондықтан Отбасы құндылығын, маңызын арттыруда ұлттық дәстүрлерді насихаттау арқылы баланы кішкентай күнінен бастап тәрбиелеген жөн деп ойлаймын» деген ойын жеткізді.
«Отбасылық сағатында отбасы құндылықтары, ата-ана мен бала арасындағы байланыс, ұлттық тәрбие, салт-дәстүр сабақтастығы сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Мекеме қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, өмірлік тәжірибелерімен алмасты.
Тағылымды шара ұжым арасындағы сыйластықты арттырып, еңбек пен отбасы өмірінің үйлесімін сақтаудың маңызын айқындады.




25 Ақпан 2026
18