Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Тақырыптық экскурсия өтті

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тарихи мұраны сақтау – біздің борышымыз» атты тақырыпта Байзақ ауданы Абай атындағы орта мектеп оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында оқушылар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, өлкеміздің бай тарихы мен мәдени мұрасы жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Музей қызметкерлері тарихи мұраны сақтау мен насихаттаудың маңыздылығын түсіндіріп, жас ұрпақты ел тарихына құрметпен қарауға шақырды.

Тағылымды экскурсия оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды бағалауға бағытталды.