«Тарих қойнауынан сыр шертетін Көне Тараз» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Тараз қаласындағы №59 орта мектепте «Тарих» пәні айлығының ашылуы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарих қойнауынан сыр шертетін Көне Тараз» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме барысында оқушылар назарына музей қорында сақталған бірегей археологиялық жәдігерлер ұсынылды. Атап айтқанда, қыштан жасалған су сағаты, соғды үлгісіндегі құмыра, қыш шырағдандар, сырлы керамикалық ыдыстар, Айша бибі кесенесінің түпнұсқа кірпіштері және өзге де құнды экспонаттар қойылды. Көрмені тамашалау кезінде оқушылар әрбір жәдігердің шығу тарихы, жасалу тәсілі мен қолданылу мақсаты жөнінде жан-жақты мағлұмат алып, ортағасырлық Тараз қаласының мәдениетімен жақын танысты.






16 Қаңтар 2026
20