«Тарих қойнауынан сыр шертетін Көне Тараз» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Тараз қаласындағы №19 орта мектепте «Тарих» пәні айлығының ашылуы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тарих қойнауынан сыр шертетін Көне Тараз» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – оқушыларға көне Тараз қаласының тарихын, археологиялық мұрасын таныстыру, тарихи сананы қалыптастыру және туған өлкенің мәдени құндылықтарына деген құрметті арттыру болып табылады.
Көрмеде оқушылар назарына музей қорындағы бірегей археологиялық жәдігерлер ұсынылды. Атап айтқанда, қыштан жасалған су сағаты, соғды үлгісіндегі құмыра, қыш шырағдандар, сырлы керамикалық ыдыстар, сондай-ақ Айша бибі кесенесінің түпнұсқа кірпіштері және өзге де құнды жәдігерлер қойылды.
Көрмені тамашалау барысында оқушылар әрбір жәдігердің тарихы, жасалу тәсілі мен қолданылу мақсаты туралы мол мағлұмат алып, ортағасырлық Тараз қаласының мәдениетімен жақын танысты. Бұл шара олардың тарих пәніне деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік пен ұлттық мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етті.






14 Қаңтар 2026
95