Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«Тау тұлға - Д.Қонаев!» атты тағылымды кезесу өтті

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, М. Мақатаев атындағы №14 орта мектебінде «Тау тұлға - Д. Қонаев!» атты тағылымды кездесу өтті.

Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәмен Құлбарақ Оразғалиұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.

Сонымен қатар, Димаш атамызға арналған К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы «Дәуір тұлғасы» атты әнімен жалғасын тапты.