Жылжымалы көрменің ашылу рәсімі өтеді
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдық мерейтойы аясында, сондай-ақ ел жадында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың мерейтойларына орай «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты тағылымды жылжымалы көрменің ашылу рәсімі өтеді.
Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 9 ақпан, сағат 11:00.
Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі.
Көрме ел тарихына із қалдырған Әулиеата тұлғаларының өмірі мен еңбегін дәріптеуге, жас ұрпаққа ұлттық тарихты таныстыруға арналған.

09 Ақпан 2026
9