Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған үгіт-насихаттық кездесу өтті.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі ұлы жырау, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған «Жыр әлемі – ұрпаққа аманат» атты музей сабағын ұйымдастырды.

28 ақпан - Қазақтың халық ақыны, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Тараз инновациялық көпсалалы колледж білімгерлеріне «Ғасыр ғұмырлы-ғажап ақын» атты тақырыпта музей сабағы ұйымдастырылды.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, №15 мектеп-гимназиясында «Дара тұлға ізімен!» атты тағылымды кездесу өтті.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығында «Өнер тарланы» атты тақырыпта экскурсия өткізілді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «К.И. Скрябин музей-үйі» мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен К.И. Скрябиннің музей-үйінде «Тифло-музей» жобасы аясында «Ғылымға құштар-ғалым» тақырыбында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушыларына арналған экспозициялық бұрыш ашылды.