Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығында мектеп оқушыларына арналған танымдық сағат ұйымдастырылды.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін кеңінен насихаттау мақсатында Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Д.А.Қонаевтың өмір және еңбек шежіресі!» атты экскурсия жүргізілді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен «Бауыржан Момышұлы» музейінде өскелең ұрпаққа «Ауғанның отты жылдары» атты іс-шара өткізілді. Отан сүйгіштік рух пен тарихи тағылым сыйлаған мазмұнды кездесу болды.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығы мен ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың мерейтойларына орай «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қызылорда қаласында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдық мерейтойы аясында, сондай-ақ ел жадында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың мерейтойларына орай «Тарихта таңбаланған Әулиеата тұлғалары» атты тағылымды жылжымалы көрменің ашылу рәсімі өтеді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында «Жуалы ауданының білім бөлімінің №1 Балалар өнер мектебі» КММ ұйымдастыруымен «Ұлттық өнер – ұрпақ мұрасы» атты балалардың көркемсурет және қолөнер туындыларынан құралған көрме өтті.