Жамбылский областной историко-краеведческий музей

Білімгерлерге танымдық экскурсия ұйымдастырылды

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы қазақтың даңқты ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының қаһарманы, әскери қолбасшы әрі жазушы Бауыржан Момышұлы музейінде ТиГУ білімгерлеріне арналған «Батырға қалған жәдігер» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Экскурсия барысында студенттер батырдың өмір жолы, ерлікке толы жауынгерлік қызметі мен шығармашылық мұрасы туралы кеңінен мағлұмат алды. Сондай-ақ музей қорында сақталған жеке заттары, майдан даласынан жеткен құнды құжаттар мен тарихи жәдігерлер таныстырылып, олардың маңызы түсіндірілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастарға батыр рухын насихаттау, отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу және тарихи тұлғаның өнегелі өмірін үлгі ету. Экскурсия соңында білімгерлер өз әсерлерімен бөлісіп, тағылымды шара үшін алғыстарын білдірді.