«Біртуар қайраткерге тағзым!» атты тағылымды кездесу өтті
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде «Біртуар қайраткерге тағзым!» атты тағылымды кездесу өтті.
Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры, тарихшы Қалиев Сауран Қалиұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.




24 февраля 2026
17