«Ғылымға құштар ғалым» атты тақырыпта Тифло-музей бұрышының ашылуы өтті
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «К.И. Скрябин музей-үйі» мен Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен К.И. Скрябиннің музей-үйінде «Тифло-музей» жобасы аясында «Ғылымға құштар-ғалым» тақырыбында №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернатының оқушыларына арналған экспозициялық бұрыш ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі зағип оқушыларға заманауи үлгідегі QR–код қойылған тарихи жәдігерлерді смартфонға кодын енгізу арқылы қол ұшымен сипап, құлақпен есту арқылы тарихи-жәдігерлердің тарихымен танысуға мүмкіндік берілді, сондай-ақ музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасалып, QR-код қойылған 21 жәдігер таныстырылды.
Зағип балаларға ғалымның түрлі туындылары мен энциклопедиялары, қолжазбалары мен мөрлері, төсбелгісі, шыны колбадағы паразиттері, альбомдары, лабороториялық жұмыстары толығымен таныстырылып, балалардың қолдарына ұстап-сипап, сезінуге мүмкіндік берілді.
Аталған көрмені №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты директорының орынбасары Мамасерікова Әсел Тоқтағұлқызы, Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз керетін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары Күзенова Толқын Тәжітөреқызы тифло экспозицияны салтанатты түрде ашып, оқушылар өз кезегінде алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.





26 февраля 2026
14