Жамбылский областной историко-краеведческий музей

Мектеп оқушыларымен танымдық сағат өткізілді

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығында мектеп оқушыларына арналған танымдық сағат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында қазақ өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өмірі мен шығармашылық жолы таныстырылып, театр және кино саласындағы жарқын бейнелері туралы мазмұнды ақпарат берілді.

Танымдық кездесу оқушылардың рухани дүниесін байытып, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.