Жамбылский областной историко-краеведческий музей

«Тараз - тарихымыздың алтын діңгегі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Ә. Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінде Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің бір айлық іс-шаралары аясында «Тараз – тарихымыздың алтын діңгегі» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрмеде Тараз өңірінің тарихын айқындайтын жәдігерлер ұсынылды. Ұсынылған тарихи бұйымдар арқылы білім алушылар көне Тараздың өткені, мәдени мұрасы және тарихи маңызы жөнінде мағлұмат алды.

Аталған іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталды.