«Тарихта қалған тұлға — генерал-майор И.Панфилов» тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залының қызметкерлері жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи тұлғаларды таныту мақсатында генерал-майор И.В. Панфиловқа арналған танымдық іс-шара өткізді.
Іс-шара аясында Жамбыл ауданының «Исмайл» мектебінің оқушыларына арналған «Тарихта қалған тұлға — генерал-майор И. Панфилов» тақырыбында тағылымды экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында оқушыларға генерал-майор И. Панфиловтың өмір жолы, әскери ерлігі мен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармандық істері туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Шара жас буынның ел тарихына деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтуға бағытталды.


19 января 2026
37