«Цифрлы қоғам талабы-құзіретті маман» атты дөңгелек үстел өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті «Тарих және география» кафедрасының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектеп өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуымен «Цифрлы қоғам талабы - құзіретті маман» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Аталған іс-шараға Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Н. Әмірбек қатысты.
Іс-шара барысында еңбек нарығындағы өзгерістер, түлектерге қойылатын заманауи талаптар, дуалды оқыту жүйесін дамыту, өндірістік тәжірибенің тиімді ұйымдастырылуы және жұмысқа орналастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел жұмыс берушілер мен кафедра арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, білім беру мазмұнын жетілдіру, оқу процесін практикалық бағытта жаңғыртуға жол ашатыны даусыз. Қатысушылар бірлесе атқарылатын жобалар мен келісімшарттар аясында болашақ мамандарды сапалы даярлау мәселелеріне баса назар аударды.
Мұндай кездесулер кафедра мен жұмыс берушілер арасындағы байланысты одан әрі тереңдетіп, еңбек нарығына сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.




26 февраля 2026
23