Жамбылский областной историко-краеведческий музей

Ұлттық басылым күні

2023 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен 2 ақпан Ұлттық басылым күні болып бекітілді.

113 жыл бұрын 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің бірінші нөмірі шықты. Оның бастауында Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханұлы, Міржақып Дулатұлы секілді ұлт зиялылары тұрды.

Қоғамға сапалы ой мен мазмұн ұсынып, рухани құндылықтарды насихаттап жүрген баспа саласы қызметкерлеріне шығармашылық табыс, тың жобалар мен оқырман ықыласын тілейміз.