«Жамбыл облысының табиғаты» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі 1-экспозициялық залында «Жамбыл облысының табиғаты» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияның басты мақсаты – туған өлкенің табиғи байлығын насихаттау, экологиялық жауапкершілікті арттыру және жас ұрпақтың табиғатты қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастыру.
Экскурсия барысында қатысушылар Жамбыл облысының ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, соның ішінде Ақсу-Жабағылы қорығы туралы мағлұмат алды. Сондай-ақ Қаратау таулары мен Мойынқұм алқабының табиғи-географиялық ерекшеліктері, өңір флорасы мен фаунасының алуан түрлілігі, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Экскурсияға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінің сарбаздары мен Жамбыл ауданы Абай атындағы мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар экскурсия барысында белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, табиғат тақырыбында еркін пікір алмасты.
Мұндай танымдық шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жердің табиғи мұрасын қадірлеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.






20 февраля 2026
21