Мектеп оқушылары Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен «Бауыржан Момышұлы» музейінде өскелең ұрпаққа «Ауғанның отты жылдары» атты іс-шара өткізілді. Отан сүйгіштік рух пен тарихи тағылым сыйлаған мазмұнды кездесу болды.
Іс-шараға Ауған соғысының ардагерлері — запастағы полковник Садықов Ержан Бекайдарұлы, авиация майоры, 1-ші дәрежелі ұшқыш Рысқұлов Батырбек Аримбасарұлы, сондай-ақ ардагер Айшуақов Амангелді қатысты.
Кездесуге Тараз қаласындағы «Жас тамыр» элиталық мектебі мен №66 жайлы мектептің оқушылары қатысып, ардагерлердің ерлік жолы мен өмірлік тәжірибесінен тағылымды әңгіме тыңдады. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ел тарихына деген құрметін арттырып, патриоттық рухты нығайта түсетіні сөзсіз.







13 февраля 2026
26